Үйірме жұмысы туралы ақпарат

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

2022-2025 оқу жылы аралығында мектебімізде үйірме жұмысы тұрақты жұмыс істеп келеді. Жыл сайын оқу жылының басында үйірме жұмысының кестесі белгіленіп, бекітіледі. Оқушылардың қызығушылығына орай спорт секциялары да үздіксіз жұмыс жасауда.  Әрбір үйірме жұмысының өзіндік мақсат, міндеттері белгіленіп, оқушының жас ерекшелігіне қарай жоспарланады. Сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс – әрекет әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып жүргізіліп келеді. Тәрбие барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізу мен балаға жақсы тәрбие беруде оқыту сабақтарына қарағанда, сабақтан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.

Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.

Мектепте пәндік үйірмелер: тілдік, экологиялық, технологиялық, тарихи бағыттағы, патриоттық бағыттағы үйірмелер, өнер үйірмелері: «Вокал», «Көркемсөз», «Домбыра», «Бейнелеу өнері», «Би»,  спорттық үйірмелер: бокс, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, футбол  жұмыс істейді. Осы үйірмелердің оқушылары қалалық, облыстық деңгейдегі конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Пәндік үйірмелер. Пәндік үйірмелер- сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы болып табылады. Сабақта пәнді оқу бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Жыл басында пәндік үйірмелер кестесі , жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Төмендегі кестеде әр бағыт бойынша пәндік үйірмелер көрсетілген:

Үйірме атауыОқушылар саны

1

Тілдік бағыттағы үйірмелер
2022-232023-242024-25
123
2Технологиялық бағыттағы үйірмелер122
3Патриоттық бағыттағы үйірмелер саны011
4Экологиялық бағыттағы01
5Театр үйірмесі111
6Барлығы93оқушы127 оқушы184оқушы

2022-2025 оқу жылында технологиялық бағыттағы үйірмелер (математика, физика, информатика т.б) және тілдік бағыттағы үйірмелердің (ағылшын,тарих), экологиялық бағыттағы ( биология) белсенді жұмыс жасады.

Өнер үйірмелері.Үйірме – өнер бастауы демекші оқушылармыздың өнерлерін жан-жақты дамытудағы мектепішілік өнер  үйірмелеріне де оқушылардың қызығушылығы жоғары десе де болады.  Өнер үйірмелер (қолөнер,би, бейнелеу өнер,вокал, домбыра,көркемсөз) өткізілу кестесі жыл басында құрылып бекітілді. Сонымен қатар үйірме жоспарлары да жасалып, бекітілді. Үйірмеге қатысатын оқушылардың жалпы саны  төмендегі кестеде көрсетілген.

Үйірме атауыОқушылар саныЖетекшісі

1

«Қолөнер»
2022-232023-242024-25
Р.Б.ЖунусоваС.А.Унасов 
314131
2«Би»716190Ә.Н.Болатқызы 
3Бейнелеу өнері423132Г.Г.Айтмуханбетова
4Вокал302737Ә.Жәмелов
5Домбыра383930О.АзатбекБ.М. Бек
6Көркемсөз507151Б.М.Жунусова
7Барлығы262270271

Спорттық үйірмелер

Дене шынықтырудың басты  бағыттарының бірі сабақтан тыс кезде  дене шынықтырудың әртүрлі әдіс –  тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың денсаулығын нығайту, жеңімпаздарды дайындау. Мектепте 2оқу жылы спорттық үйірмелер бекітілген  кесте бойынша уақытылы  қарқынды жұмыс жасады. Осы оқу жылында мектепішілік спорттық үйірмелерге барлығы 472 оқушы қатысты. 

Үйірме атауыОқушылар саныЖетекшісі

1

Бокс
2022-232023-242024-25
Бейсенов Т.
203045
2Бокс203045Кәлек Б.
3Волейбол /ұлдар/162025Унасов О.
4Волейбол /қыздар/202525
Абуюров Б.
5Тоғызқұмалақ252040Қуатов А.
6Футбол20Ибраимов А.С.
7Барлығы101125200

Мектептен тыс мекемедегі үйірмелер

Үйірме атауы2022-232023-242024-25БЖСМ
1Футбол242420БЖСМ жаттықтырушылары
2Волейбол554БЖСМ жаттықтырушылары
3Қазақша күрес554БЖСМ жаттықтырушылары
4Бассейн435142БЖСМ жаттықтырушылары
5Бокс649554БЖСМ жаттықтырушылары
6Велоспорт304029БЖСМ жаттықтырушылары
7Хоккей564БЖСМ жаттықтырушылары
8Жеңіл атлетика182112БЖСМ жаттықтырушылары
9Ауыр атлетика776БЖСМ жаттықтырушылары
10Таэквандо121511БЖСМ жаттықтырушылары
11Каратэ773БЖСМ жаттықтырушылары
12Еркін күрес243118БЖСМ жаттықтырушылары
13Дзю-до212619БЖСМ жаттықтырушылары
14Кик.бокс131512БЖСМ жаттықтырушылары
15Грек рим күресі332БЖСМ жаттықтырушылары
16Теннис122БЖСМ жаттықтырушылары
17Тоғызқұмалақ182014БЖСМ жаттықтырушылары
Барлығы:300373 256

Мектепішілік үйірмелерМектептен тыс үйірмелер

Қорытынды:Мектебімізде жыл сайын қалалық, облыс, республика көлемінде, үйірмелер мен спорт секциялары жұмысының көрсеткіштері, қол жеткен жетістіктер төмендегі кестеде берілген.  Назарларыңызға 2022-2025 оқу жылындағы нәтижелер кестесін ұсынамыз.

Cайыстар деңгейі2022-20232023-202420242025(Қыркүйек)Барлық орын
Халықаралық2933769
Республикалық5630389
Облыстық28391481
Қалалық73795157
Scroll to Top