Біздің мақсатымыз – болашақ
Бала қуанышпен оқып, жан-жақты дамуы керек.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Өскемен қаласы «№ 45 орта бейіндік мектебі»
Мектеп — білім бесігі «№ 45 бейімделген орта мектебі» Мемлекеттік мекемесі 1976 жылы салынған Өскемен қаласы, Сатпаев даңғылы, 3/1 ғимаратында орналасқан. Өскемен қаласының білім беру және спорт бөлімінің №455-Ө, 15. 09. 2005 жылғы бұйрығымен 2005-2006 оқу жылында мемлекеттік жалпы білімді қазақ тілінде беретін мектеп болып қайта құрылып, №44 қазақ орта мектеп-лицейінен 550 оқушы мен 34 мұғалімнің бөлініп келуімен 2005 жылғы 1- қыркүйек күні ашылды. Қазыргі уақытта 1-11 сыныптарда 46 сынып-комплект, мектепалды сыныпта 3 сынып-комлектімен 1125 оқушымен өз жұмысын жалғастыруда.
ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ
Біз оқушыларымызды оқытуға күн сайын өз білімін, тәжірибесін және жанын арнайтын кәсіпқой мамандар командасымен мақтанамыз. Біздің мектептің оқытушылар құрамы – бұл білім беру саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар.
