ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛ ТОЛУЫ ҚАРСАҢЫНА ОРАЙ «ҚАЗАҚТЫҢ ДАРА ТУҒАН ДАНАСЫ»АТТЫ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ Мақсаты: Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, онкүндік аясында салтанатты жиын өткізу. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Міндеті: — оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру; — мұғалім мен оқушы арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру; -Абай әндері арқылы жас буынның ән айту шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру. Аудитория: 1-11 сыныптар Көрнекілігі: презентация 1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім, Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне өзі орнатып ескерткішті, Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? 2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақпыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын аттандырып келешекке, Бізбенен осы күнге тілдескен