Мектеп кітапханасының жұмысы мектептің жұмыс жоспарына сай жүргізіледі. Жыл сайын мектеп кітапханасының қоры жаңа оқулықтар, әдеби кітаптар, әдістемелік әдебиеттер, дидактикалар, хрестоматиялар және тағы басқа көмекші материалдармен толықтырылып отырылады. Жалпы кітапхананың кітап қоры мынандай негізгі бөлімдерді құрайды: көркем әдебиет және әмбебап құрылымды қоғамдық-тарихи, жаратылыстану ғылымы бойынша, техника, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, әдебиеттану, әдістемелік әдебиет. Кітап қоры үнемі жаңарып отырады. Бөлінген қаражат бойынша көркем әдебиеттермен толықтырылады.Мектеп кітапханасының негізгі кітап қоры — 26140 дананы құрайды. Оның 12121 данасы әдебиеттік кітап қорынан тұрса,ішіндегі 3550 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер. Сандардың алшақтығын №45 мектептің негізгі кітап қоры орыс мектебінен ауыстырылғандығымен түсіндіруге болады. Мектеп кітапханасы өте бай. Кітапханадағы оқулықтар саны- 14019 дананы құрайды. Оқулықтар фондтың айналымы бойынша әр 4 жылда ауыстырылып отырады. Мектеп кітапханасы атаулы күндерге, мерекелерге және ақын-жазушылардың, ұлы тұлғалардың мерей тойларына арналған шолулар, кездесулер, мамандық таңдау,тектілік т.б тақырыптағы тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп,түрлі тақырыптағы слайд, презентациялар көрсетіліп мектептің оқу-тәрбие жұмысымен бірлесе жұмыс атқарады. Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» ,»»Балалар кітапханасы» бағдарламасы бойынша және «Біртұтас тәрбие » бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіледі.
Мектеп оқушылары оқулықпен 100% қамтылған. Мектеп кітапханасы жылма-жыл мектеп оқушыларына арналған және мұғалімдерге арналған мерзімді басылымдарға жазылып отырады. Мектеп кітапханасының ауданы 109 шаршы метрді құрайды, кітапхананың қызмет көрсету бөлімі және оқу залы, оқулық сақтайтын қоймасы, жалпы кітап қорын сақтайтын бөлмесі бар. Оқу залы 20 орынға есептелген. Кітапханада әріптік және жүйелі каталог, тақырыптық картотекалар ,әртүрлі тақырыптық папкалар бар. Мектептің 1-11 сынып оқушылары кітапханаға толық тартылған. Мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың ыңғайлы жұмыс жасауы үшін жайлы жағдай жасалған. Кітапханада арнайы білімі бар екі кітапханашы жұмыс жасайды.Мектеп кітапханасы жаңа заман талабына сай техникамен жабдықталған. Кітапханада принтер — көшірме және 6 компьютер бар. Барлық техника интернет жүйесіне қосылған.





ШҚО Өскемен қаласының №45 орта бейіндік мектебінің 7”г” сыныбының оқушылары “Ұлттық кітап күні” мерекесінде “Кітап оқудың пайдасы” атты ой- түйіндерін оқырмандардың назарына ұсынадыhttps://www.instagram.com/reel/DIymwLiK7ei/?igsh=MWg3djI3dmZubjIzbg==
ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің 45 орта бейіндік мектебінің 6 ”В” сынып оқушылары 23 сәуір “Ұлттық кітап күні” мерекесіне орай Қазақстаннның балалар жаушысы Бердібек Соқпақбаевтің “Балалық шаққа саяхат“ шығармасын оқып , оқыған кітаптары бойынша ой бөлісіп келесі сыныпқа осы кітапты оқуға ұсыныс жасады.https://www.instagram.com/reel/DIynCFLqlKf/?igsh=bjZhN3g0M24xdm12
Елімізде кітап оқуды насихаттау,оқуға құштарлықты ояту мақсатында тұңғыш рет ,,Ұлттық кітап күні,, мерекесі аталып өтуде.Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының ,,√45 орта бейіндік мектебі,,КММ осы орайда көптеген жұмыстар жүргізілуде.Сол шаралардан азған үзінділерді назарларыңызға ұсынамыз.Кітап әлемінің кереметтерін бірге қызықтайық. https://www.instagram.com/reel/DIzAWcuKzZG/?igsh=bmt5YWJqN2F5aHF1
