Жаратылыстану әдістемелік комиссиясы

Әдістемелік комиссия жетекшісі: Кисанова Ж.Т.

 2021 -2022 оқу жылы2021-2022 оқу жылы бойынша ӘК құрамында 8 мұғалім бар. Оның 2 физика, 2 химия, 2 биология, 2 география пәні мұғалімдері. Жоғары санатты -1,педагог — сарапшы– 2, екінші санатты – 1, педагог – модератор -3. Еңбек өтілдері – 2 жылға дейін 1, 1-7 жылға дейін 2,   14-20 жылға дейін 1,   20 жылдан астам 2.. 

Жаратылыстану пәндер онкүндігі

17. 01. 2022ж. – 26.01.2022ж.

Тақырыбы: «Жаратылыстану пән сабақтарында зерттеуге негізделген оқу әдісін практикада қолдану»Оңкүндіктің ашылуы онлайн түрінде бейнематериал арқылы ұсынды. Оқушылардың сабақ арасындағы уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 18-19 қантар күндері үзілісте эксперименттік алаң жүргізілді. Физика пәнінен Айым Болатқызы мен Маржан Оралбековнаның ұйымдастыруымен,   батарейкадан от шығару,  қысқа тұйықталуды көрсету, қарпайым тізбек құрау ( батарейканы ток көзі ретінде қолданып), құрғақ монета, скрепканың, тарелканың жүзуі, ракеталардың ұшуы (конвекция), сынған қарындаш, кемпірқосақ түстері деп аталған физикалық лайфхактар оқушыларды қызықтыра білді. Химия пәнінен «жанартаудың атқылауы» , «құмнан шыққан құрт», «жанбайтын орамал»,   «шырпысыз оттың жануы» атты тәжірибелер оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған.

География пәнінен 10 «А» сыныбында  ZOOM платформасында өткен ашық сабағы, пән мұғалімі Кисанова Ж.Т., оңкүндіктің мақсатына сәйкес, зерттеу әдісін практикада қолдануды көрсетуге жоспарланған. Сабақтың тақырыбы: «Елдер мен аймақтардың дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлі». Сабақ «төңкерілген сынып» әдісімен өткізілді. Оқушылар алдын ала топтарға бөлініп, 3 елдің, Жапония, Қазақстан, Непал, географиялық кеңістігінің экономикалық дамуына рөлін зерттеу арқылы анықтады. Ортаға салып, талдау жасады. Осы елдер туралы қызықты мәліметтер келтірді. Сабақта АКТ тиімді пайдаланды, wordwall платформасында үй тапсырмасын тексеру және бекітуге арналған тапсырмалары оқушыларды қызықтырды. Биология пәнінен Сагатбекова А.К.«Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысының принципі» тақырыбында  өткен ашық сабағы, тарих пәнімен, пән мұғалімі Есенбаева Ш.З.   кіріктірілген сабақ түрінде өтті.

Сабақта оқушылар ДНҚ ерекшеліктерін жан жақты талдап қана қоймай, ДНҚ моделін өз қолдарымен жасап көрді, Мұндай тапсырмалардың оқу материалдарын есте сақтауға тәжірибелік маңызы өте зор. ДНҚ – ны мәдени   — генетикалық код ретінде қарастыру, 7 атасын білу арқылы генетикасын түсінуге бағытталған  зерттеу тапсырмаларын  орындату арқылы тарих және биология пәндерінің ұштасуын байқадық. Сабақтың сәтті өткен кезеңдеріне, ағылшын тілінде ДНҚ – ның құрамы аталуы, сабақтың тақырыбын ашатын бейнематериал, тақырыпқа сәйкес ҰБТ тапсырмаларын орындату, «Блоб ағашы» рефлексиясын атауға болады. Тағы бір жоғары деңгейде өткен кіріктірілген сабақ, ол химия және физика пәндерінен өткен«Тұрақты электр тогы. Металдардың электртерістілігі»тақырыбындағы  ашық сабақты атауға болады. Пән мұғалімдері ,Тұрғанбекова Айым Болатқызы мен Сахариева Айнұр Жанарбекқызы. Сабақ онлайн түрінде ZOOM платформасында жүргізілді. Оқушыларды қызықтыра білген Quizizz тапсырмалары, химия және физикадан тізбек құрауға арналған тәжірибелік алаң,   виртуалды зертханада тәжірибе жасау, padlet тақтасымен жұмыс деген тапсырмалар, мұғалімдердің АКТ қолданудағы шеберлігін көрсете білді және функционалды сауаттылықты арттыруда маңызы зор болды. Физика пәнінен «Қатты денелердегі, сұйықтар мен газдардағы қысым» тақырыбындағы  өткен ашық сабақ, пән мұғалімі Турдыбекова М.О. өте жақсы құрылымданған. АКТ өте тиімді пайдаланды. Импульс заның түсіндіру, реактивті қозғалысы, ракетаның құрылысы   көрсету және тағы басқа тапсырмалары Quizlet платформасы, phed colorado виртуальды зертханасы , padlet тақтасы, twig-bilim. kz  платформалары   арқылы орындалды.

Жаратылыстану пәнінен«Тірі ағзалардың қасиеттері»тақырыбындағы  5 « Г» сыныбында өткен ашық сабақ, пән мұғалімі Буралхиева М.М. ZOOM платформасында жүргізілді. Сабақта топтық жұмыс, оқушылардың өзара бағалауы өте сәтті болды. Тақырыпты бейнематериал арқылы ашу, «А,Б,В» әдісімен үй тапсырмасын тексеру, «Жас ғалым» зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызығушылығын арттыра білді. АКТ өте тиімді пайдаланды, wordwall платформасында бекітуге арналған «айнамалы шеңбер» тапсырмасы орындалды. Оңкүндік  шеңберінде ШҚТУ мұражайына , ШҚУ IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, физика және технологиялар кафедрасындағы физикалық зертханаларына және медколледжге экскурсиялар жоспарланып, өткізілді.

Оқушылардың жетістіктері 2021-2022 оқу жылы

Қалалық сайыстар

Іс-шара атауысыныпОқушы аты-жөнінәтижесіжетекшісі
Оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы10 «А»Зәки Айғаным2-орынТұрғанбекова А.Б
Қалалық пән олимпиадасы9 «А»Нурланқызы Айғаным3 — орынКисанова Ж.Т.
Қалалық пән олимпиадасы9 «Б»Калибеков Темірлан3- орынТұрғанбекова А.Б
Қалалық пән олимпиадасы11 АСағади Еркежан4- орынСагатбекова А.К.
Қалалық пән олимпиадасыҚожахметова Құралай3 — орынСагатбекова А.К.
Қалалық пән олимпиадасы11 АМұқатаева  Талшын2-орынСахариева  А Ж.
ШҚТУ олмпиадасыФизика пәнінен9 «А»Абзалбек АйданаЕсенбаева Інкәр1 турдан өтті Турдыбекова М.О.
ШҚТУ олмпиадасы«Лидер ЖАС ТАЛАП — КZ»Физика пәнінен9 «Б»Асылбеков ЕділСалимов АзаматБабағумаров БейбарысМаутканова ЛаураТарыбаева АйшаНұртаза Томирис1 турдан өтті Тұрғанбекова А.Б
ШҚТУ олмпиадасы «Лидер ЖАС ТАЛАП — КZ»География пәнінен 9 «В»
Толеубек Ерасыл3 дәрежелі дипломКисанова Ж.Т.

Облыстық, республикалық сайыстар

Оқушының аты — жөніСайыстың түріДеңгейіНәтижесіМұғалімі
1Кәкімова АружанІІ Республикалық пәндік олимпиадасыРеспубликалықДиплом 1 орынБуралхиева М.М.
2Әлімбекова КәусәрІІ Республикалық пәндік олимпиадасыРеспубликалықДиплом 1 орын
3Манап МаликаІІ Республикалық пәндік олимпиадасыРеспубликалықДиплом 1 орын
4Есқазиева АйданаІІ Республикалық пәндік олимпиадасыРеспубликалықДиплом 1 орын
5Елемесова ШынарІІ Республикалық пәндік олимпиадасыРеспубликалықДиплом 1 орын
6Тоқтамысов ДаниярІІ Республикалық пәндік олимпиадасыРеспубликалықДиплом 1 орын
7Файзуллина ДианаІІ Республикалық пәндік олимпиадасыРеспубликалықДиплом 1 орын
2Мананов Әлинұр«Ақ бота» зияткерлік олимпиадасыРеспубликалық1 дәрежелі дипломКисанова Ж.Т.
3Тұрсынхан Мерей «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасыРеспубликалық1 дәрежелі диплом
4Шалқарқызы Кәусар«Ақ бота» зияткерлік олимпиадасыРеспубликалық1 дәрежелі диплом
5Нұрланова Інжу«Ақ бота» зияткерлік олимпиадасыРеспубликалық3 дәрежелі диплом

Мұғалімдердің жетістіктері  2021-2022 оқу жылы

МұғалімІс –шара атауыДеңгейіНәтижесі
1Кисанова Ж.Т.Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорынан  алтын белгі иегерлері Құмарбек Ақбота мен Орчумбаева Әсем география пәнінен дайындааны үшінҚалалықАлғыс хат
2Тұрғанбекова А.Б. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорынан  алтын белгі иегерлері Асығатова Арай физика пәнінен дайындааны үшін ҚалалықАл,ыс хат
3Кисанова Ж.Т.«Іс –әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» аймақтық ҒТКОблыстық ҒТКдиплом
4Сагатбекова А.К.«Іс –әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» аймақтық ҒТКОблыстық ҒТКдиплом
5Тұрғанбекова А.Б.«Іс –әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» аймақтық ҒТКОблыстық ҒТКдиплом
6Тұрғанбекова А.Б.«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісіРеспубликалықтөсбелгі
Scroll to Top