Дене шынықтыру және АӘД пәндер әдістемелік комиссия   құрамында 6 мұғалім. Барлығы жоғары білімді. 1 санатты ұстаздар – 3, педагог зертеуші-2 ұстаз, жоғарғы санаты-1 ұстаз .

Аты — жөнісанатыЛауазымдық міндеті
1Калек Бауырбек жоғарыДене шынықтыру пәні мұғалімі
2Унасов Оралбек МұраткановичбіріншіДене шынықтыру пәні мұғалімі
3Камешов Серғазы КабеновичбіріншіДене шынықтыру пәні мұғалімі
4Абуюров Бауыржан ЖеңісбековичПедагог-зертеушіДене шынықтыру пәні мұғалімі
5Ахметов Кадірбек АшимовичбіріншіАлғашқы Әскери дайындық пәні мұғалімі
6Бейсенов Талант ДаулеткановичПедагог-зертеушіДене шынықтыру пәні мұғалімі

Дене шынықтыру және АӘД пәндер   ӘК өзекті тақырыбы «Тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу арқылы денсаулықтарын нығайту, физикалық және психикалық қасиеттерін толық дамыту»

2015 жылдан бастап Бейсенов Т.Д.,әдістемелік комиссия жетекшісі міндетін атқарады. Бейсенов Таланттың ұйымдастыруымен  пән апталығында коучинг өткізілді. Коучинг тақырыбы:  «Жаңартылған білім аясындағы 7 модульді дене шынықтыру сабағына еңгізу». Коучингке мектептің дене шынықтыру сабағын беретін және қала мектептері мұғалімдері қатысып жоғарғы дәрежеде өтті.

Қалалық жастар спартакиадасына мектебімізден волейбол спортына 5-6 сынып оқушылары қатысып жүлделі 2-ші орынды иеленді. Жаттықтырушысы Абуюров Бауыржан Жеңісбекович.  ЖМК мектептері арасында баскетбол ойынынан мектеп оқушылары жарысқа қатысып жүлделі 3-ші орын иеленді. Жаттықтырушысы Камешов Серғазы Кабенович. Бокстан 8 в сынып оқушысы Қалымбеков Иса азия ойындары аясында өткен халықаралық жарыста 1-ші орын иеленіп келді. Жаттықтырушысы Калек Бауырбек. 6 в сынып оқушысы Карынбеков Нұрасыл Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық жарыста топ жарып 1-ші орын иеленді, жаттықтырушысы Бейсенов Талант Даулетканович. Қалыбеков Иса мектебіміздің 8 сынып оқушысы 2020 жылы «Евразия дарынды балалар энциклопедиясына үздік- спортшы  болып жазылды» жаттықтырушысы Калек Бауырбек. 2019 жылы бокстан мектебіміздің 8 оқушысы СШҮ атағын алды,  5 оқушымыз ШҚО құрамасында облысымыздың намысын қорғап, халықаралық жарыстарда көк туымызды биіктен көрсетіп жүр.

Күнтізбелік   жоспарда белгіленген бұқаралық спортты көтеру бағытында ұйымдастырылған іс –шаралар.

  1. Денсаулық күніне арналған спорттық іс – шаралар
  2. Футбол мектеп чемпионаты
  3. Тоғызқұмалақ мектеп біріншілігі
  4. «Көңілді сөре» спорттық жарыс
  5. Волейбол мектеп чемпионаты. Ұлдар.
  6. «Спорт менің серігім» спорттық жарыс 
  7. Волейбол мектеп чемпионаты. Қыздар.
  8. « Біз чемпиондар» спорттық жарыс
  9. «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық жарыс
  10.  Қол күрес мектеп біріншілігі.
  11.  Ал, кәнеки қыздар!,Ұлттық спорт
  12.  Ал, кәнеки қыздар!Ұлттық спорт ойындар.
  13.  Жас-қырандар.

Сонымен қатар мектебімізде әр бейсенбі сайын таңғы жаттығулар өтіп тұрады. Мектебімізде спортық үйірмелер жүйелі түрде қойылған. Мектеп оқушылары сабақтан тыс уақытта спортпен белсенді айналысуда. 

Scroll to Top